431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қой жүнінің құны болмай тұр

  • 215
  • UPD: 14:31, 17.02.2020
Елімізде қой жүнінің құны болмай тұр

Қой жүнінің құны жоқ. Алматы облысы Райымбек ауданындағы Ардақ Әлдибеков есімді шаруа осылай дейді.

Асыл тұқымды шаруашылық жетекшісі былтыр 1500 бас арқар мериносты қырыққан. Содан түскен қаржыға қора-қопсысы мен қыстағын жөндеп, жаңа техника алмақшы болыпты. Алайда биязы жүнге деген сұраныс азайып, баға түсіп кеткен. Сондықтан арзан болса да өнімін өткізуіне тура келіпті. Дәл осындай жағдай өзге де шопандардың басынан өткен. Қожалық басшысы қалыптасқан қиындыққа қарамастан қосымша қыстақ сатып алды. Енді шетелден асыл тұқымды қошқар әкелмек. Сөйтіп мал басын көбейтуге ден қойып отыр. Алайда былтырғы жағдай осы жылы да қайталана ма деп қауіптенеді. Жалпы, ауданда 239 мыңнан аса Шопан ата төлі бар. Соның 165 мыңы-ақ қой. 

Ардақ Әлдибеков, асыл тұқымды қой шаруашылығының жетекшісі:

- Өзекті болып тұрған мәселе былтыр жүніміз өтпеді. Өтпеді дегенде арзан бағада сұраушылар көп болды. Ал қалған шаруашылықтардың 50,70 пайызының жүні жатыр. Биылғы жыл қалай болады. Жақсы өтетін болса, биыл боп қалатын шығар деп күтіп отырмыз.

Мұрат Жанұзақов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Жалпы аудан бойынша 570 тонна жүн жиналды. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарынан. Ары қарай өткізетін кәсіпорын тапшы. Негізі кәсіпорын бар. Бұрын жүн қабылдау жұмыстарын атқарған. Қазір жұмысын тоқтатып тұр.

Хабар 24 телеарнасы