447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

  • 310
  • UPD: 09:38, 18.02.2020
Қызылордада белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

Қызылордада белгілі кәсіпкерді 3 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

72 жастағы ер азамат 15 ақпанда таңғы сағат 06:00 шамасында үйіне жақын жердегі орталық стадион маңында күнделікті спорттық серуенге шығып, содан бері із-түзсіз кеткен. Қазір бизнесменді іздеуге полицейлермен қатар, құтқарушылар мен волонтерлер де жұмылдырылған.

Сағи Алдоңғаров, қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Қызылорда қалалық полиция басқармасынан 40 қызметкер бөлініп және волонтерлерден 34 адам бөлініп, ТЖД 8 қызметкер, 2 қызметтік техника, 1 қайық бөлінді. Іздестіру шаралары жүргізілуде. Қазіргі кезде жоғалу фактісі бойынша сол жақын маңдағы қонақүйлер, спорт алаңдар және бейнекамералар қаралып, әрі қарай іздеу жүруде.

Хабар 24 телеарнасы