432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 60-қа жуық волонтёрлік ұйым қызмет атқарады

  • 488
  • UPD: 13:35, 17.02.2020
Оралда 60-қа жуық волонтёрлік ұйым қызмет атқарады

Батыс Қазақстан облысында 10 мыңнан аса волонтёрді қамтитын 60 шақты волонтёрлік ұйым қызмет атқарады.

Аймақта іске қосылған сайттың көмегімен кез келген адам волонтёр болумен қатар өздеріне қажет волонтёрлер тобын таба алады. Сайт құрудағы мақсат барша волонтёрлік ұйымдар мен қозғалысты біріктіру. Сол арқылы өңірдегі волонтёрлер қозғалысын дамыту. Олар өз қызметін негізгі он төрт бағыт аясында атқарады. Волонтёрлер қозғалысын дамыту жобасын жүзеге асыруға мемлекеттік сатып алудан 5 млн теңге қаражат бөлінді.

Нұрхат Ораш, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Бұл коворкинг-орталықта волонтёрлерге барлық жағдай жасалған. Яғни интернет, компьютерлер, түрлі қондырғылар мен мәжіліс өткізуге арналған залдар оларға тегін ұсынылады. Биыл өңірде волонтёр жылы аясында 200-дей іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы