426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауға қоқиқаздардың алғашқы тобы ұшып келді

  • 1010
  • UPD: 21:52, 17.02.2020
Ақтауға қоқиқаздардың алғашқы тобы ұшып келді inform.kz

Каспий жағалауына қоқиқаздар орала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызғылт түсті, ұзын сирақ құстарды қала іргесіндегі Қаракөл аумағынан көруге болады. Әдетте олар Маңғыстау өңіріне наурыз-сәуір айларында келеді. Бұл жолы ерте жетуіне біздегі күннің шуақты болуы себеп дейді экологтар.

Айта кетейік, Қаракөл - Ақтаудан 15 шақырым жердегі жасанды су қоймасы. Бұл аумақ ұсақ балықтар мен шаяндардың мол болуына орай қанаттылардың сүйікті мекеніне айналған. 

Кирилл Осин, эколог:

– Әдетте қоқиқаздар қыс мезгілінде Африка құрлығын мекендейді. Біз қазір олардың кері оралу сәтін көріп отырмыз. Маңғыстау өңірінде биылғы қыстың жылы болғаны мәлім. Әсіресе ақпан айының ортасынан бергі күн райы шуақты болып тұр. Менің ойымша, бұл құстар наурыз айының соңына дейін осында болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы