445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық 200 дәрігер Түркияда тәжірибеден өтеді

  • 190
  • UPD: 17:25, 17.02.2020
Петропавлдық 200 дәрігер Түркияда тәжірибеден өтеді

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бастаған топ Маниса қаласындағы клиникаға барып, кешеннің медициналық мүмкіндіктерімен танысып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әлемдегі ең заманауи ауруханалардың бірі болып саналады. Емдеу мекемесі соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда кардиология, онкология, хирургия, босану секілді бөлімшелер бір жерде орналасқан. Дәл осындай клиника Петропавлда да салынады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асқан жобаның құны – 50млрд теңге. Нысанның құрылысы қараша айында басталды. Жалпы түркиялық инвесторлар әлем бойынша 10 аурухана тұрғызған. Бұл медициналық туризмді дамытуға да мүмкіндік береді дейді мамандар. 

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бізде бәрі бөлек-бөлек орналасқан. Ал салынайын деп жатқан аурухана көпсалалы болады. Яғни науқас емдік шараларды толық бір жерден алады. Түркияда Петропавлдағы аурухананы жобалау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы