413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Алматыға оралған 171 қазақстандықтан коронавирус анықталған жоқ

  • 262
  • UPD: 20:39, 17.02.2020

Қытайдан келген 171 отандасымыз Алматыдағы көпсалалы клиникада дәрігерлердің тексеруінен толық өтіп, үйлеріне оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, стационарға жатқызылған адамдар үш тәулік бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында болған. Короновирустың бар-жоғын анықтау үшін олардан арнайы сынамалар алынып, ғылыми талдау орталығына жөнелтілген. Зертхана қортындысы бойынша Қытайдан келген азаматтарда ешқандай жұқпалы аурудың белгісі табылмапты. 171 адамның арасында студенттерден бөлек үш отбасы және 9 бен 6 жастағы бала бар.

Еске сала кетейік, 13 ақпанда Алматы әуежайына Қытайдан арнайы рейспен 211 адам келген болатын. Олардың 171-і – Қазақстан азаматы, 40-ы қырғызстандық. Қырғыз азаматтары өз еліне жеткізілген.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Осында оларға барлық жағдай жасалды. Таңертең және кешкісін олардың дене ыстығын тексеріп отырдық. Бүгінгі таңда олардың бойында ешқандай инфекция жоқ екеніне көзіміз жетті. Олар клиникадан шыққаннан кейін де жергілікті жерлердің емханаларында 14 күннің ішінде дәрігерлік бақылауда болады. 

Нұрасыл Маратұлы, студент:

– Қазақстанға жаңалық жеткеннен бастап күні-түні хабарласып тұрды. Туысқандарым, отбасым ғана емес, бүкіл қазақ елі біз үшін алаңдап жатыр. Барлығына үлкен алғыс айтқым келеді. Қытайда оқитын Қазақстан студенттерінің атынан осындағы бәріне алғыс айтамын.

Хабар 24 телеарнасы