425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас қала мен шаһар маңын газдандыру жобасы қашан толық аяқталады

  • 425
  • UPD: 20:58, 17.02.2020

Күлден арылатын күн жақын.

Елорданың бірқатар ауданы келесі жылыту маусымына дейін көгілдір отынға қол жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Магистральдің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. 

«Сен шығар да, мен шығардан ығыры шыққан Жамбыл Дүйсебеков – бұл. «Көкталда» тұрады. 120 шаршы метр болатын мына үйін жылыту үшін қария бір қыста 35 тонна көмір жағады.

Жамбыл Дүйсебеков, қала тұрғыны:

– 15-16 жыл болды, көмір түсіріп, пеш жағып жүргенімізге. Өте қиын. Лас. Кешке қарай демала алмайсың. Лас, түтін болып кетеді. Жұрттың бәрі газ келеді деп күтіп отыр.

Қызылорда облысынан елордаға газ құбыры былтыр тартылып қойды. Магистраль бас қаладағы бірінші және екінші газ тарату станциялары мен Көктал шағын ауданына дейін жетті. Жалпы елорданы газдандыру 3 кезеңнан тұрады. Біріншісінде 1,2 ЖЭО, Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржол, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарына газ тартылады. Екінші кезеңде көгілдір отын Мичурин, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, Пригородный,  Garden Village және Family Village тұрғын алаптарына жеткізіледі. Ал үшіншісінде Өндіріс, Үркер, Шұбар ықшам аудандары газдандырылады.

Осылайша аталған аудандар 2023 жылға дейін газбен толықтай қамтамасыз етілмек. Кейбір тұрғын алаптарға көгілдір отын биылдың өзінде жетеді.

Дәурен Жандыбаев, отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

– Көктал 1, Көктал 2, Агрогородок, Күйгенжар ықшам аудандарында көше бойында салынған газ құбыры бойынша осы жылдың жылыту маусымына дейін газ беруге тырысамыз. Мысалы, 50 көшенің 5 көшесі дайын болса, газ беруге тырысамыз. Бірақ жоба бойынша бюджет бойынша жұмыстар 2021 жылға қарастырылған.

Қорған Төреқожа, тілші:

– Жоба бойынша аталған тұрғын алаптардағы әрбір көшеге газ құбырлары әкімдік есебінен тартылады. Ал көшеден үйге дейін көгілдір отынды тұрғындардың өздері жеткізіп алуы тиіс.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Жандос Битабаров, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы