423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жаңашыл ұстаздардың жалақысы көп

  • 565
Қарағандыда жаңашыл ұстаздардың жалақысы көп

Қарағандыда білікті, жаңашыл ұстаздар 200 мың теңгеден астам жалақы алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар айынан бастап олардың еңбекақысы 25 процентке өсті. Жас мамандарға жетекшілік жасап жүрген әрі магистр дәрежесі бар тәлімгер-ұстаздарға да үстемеақы төленеді. Ал алдағы 1 қыркүйектен бастап сынып жетекшілігі үшін 50-60 процент және дәптер тексергені үшін 40-50 процент қосымша ақы тағайындалады.

Айта кету керек, қазір кез келген ұстаз мұғалім-сарапшы, зерттеуші, шебер бола алады. Сондықтан жоғары жалақы алу әркімнің өз қолында дейді мамандар.

Гүлзат Аймағанбетова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

– Қаңтар айынан бастап педогогтардің жалақысы 25 процентке көтерілді. Мұны біз жалақымызды алған кезде сезіндік. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Мектепке жас мамандарды тартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ тәлімгерлік және магистр атағы бар мұғалімдер жаңағы заңға сәйкес қосымша үстемақы алып жатыр. Біз де қаңтар айында 25 пайыздық үстемақымызды алдық.

Хабар 24 телеарнасы