423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 501
  • UPD: 21:49, 17.02.2020

Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурорлар кісі қанын арқалаған үш қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал заңсыз аң аулаған тағы 4 күдікті 6 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Жауапқа тартылғандардың барлығы – Қызылорда облысының тұрғындары.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 13 қаңтарында браконьерлермен болған жанжал кезінде қорықшы Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Кейін қылмыскерлер қолға түсіп, олардың көлігінен Қызыл кітапқа енген 17 ақбөкен мен қару-жарақ табылған болатын. Ал марқұмның туыстары 9 миллион теңге материалдық және 20 миллион теңге моральдық шығын талап етіп отыр.

Ғалымжан Тәуекелов, Е.Нұрғалиевтің туысы:

– Айыпталушы Базаров, Қайырбеков, Мырзабаев және Әкімовтің жазасын жеңілдеткеніне біз келіспейміз. Оларды Қылмыстық Кодекстің 432, 433, 434 баптары бойынша да кінәлі деп тапқанын қалаймыз. Себебі олар аса ауыр қылмыс жайлы біле тұра хабарламаған. Қазір оларды тек заңсыз аң аулағаны үшін ғана жауапқа тартып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы