425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында донорлық қан жетіспейді

  • 450
Маңғыстау облысында донорлық қан жетіспейді

Өзекті мәселе техногендік сипаттағы немесе ірі жол апаты болған кезде жиі көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Төтенше жағдай кезінде аса қажет қан топтарының қоры мардымсыз. Оған өз қалауымен қан тапсырушылар қатарының азаюы бірден-бір себеп», – дейді Ақтаудағы қан орталығының мамандары. Түйткілдің оң шешілуіне мемлекеттік қызметкерлер оң ықпал етіп жүр. Мысалы, өткен аптадан бері онға жуық мекеме мен кәсіпорын ұжымы қан тапсырды. Қазіргі уақытта орталық мамандары тәулігіне 15-20 адамнан қабылдап жатыр.

Айта кетейік, сауабы мол бастаманы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақтық департаменті көтерген еді. Үндеуді жергілікті билік құрылымдарының  қызметкерлері жаппай қолдап, қан қорын жинақтауға жұмылды.

Қуанышкерей Мырзатов, ҚР ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:

– Өзіміздің кішкентай да болса көмегімізді көрсетейік деп ауырған, қан керек адамдарға қан тапсырайық деп келіп жатырмыз. Қан тапсырып шықтым. Бұл волонтерлік жұмыс ары қарай да жалғасын табады. Бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Ұжымымызда 52 адам бар, олардың барлығы да осыған атсалысады.

Рафаэль Сарсамалиев, облыстық қан орталығының директоры:

– Донорлардың саны жылданг жылға азайып бара жатыр. Техногендік қиын жағдайлар болады, қауіпті жағдайлар болады. Соған байланысты кейбірде қан өте қажет болып қалады. Сол кездері жетіспей қалуы да мүмкін. Сол үшін қанның қоры бізде көп болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы