422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Прокуратура «Қазандық» немесе «Қара касса» ойынына қатысты мәлімдеме жасады

  • 1127
  • UPD: 12:59, 18.02.2020
Прокуратура «Қазандық» немесе «Қара касса» ойынына қатысты мәлімдеме жасады

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен месенджерлерде «Қазандық» немесе «Қара касса» ойынына шақырулар тарауда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Смс-хабарламадан келіп тұрғандай, ойынның мәні белгілі бір ақша сомасын енгізу және басқа адамдарды өзімен бірге әкелу болып табылады.

Демек, ақша тұрақты түрде жаңа қатысушыларды тарту есебінен ғана түседі. Қатысушы қаражат жинап, жаңа адамдарды тартады.

Мүмкін жоғары тұрғандар шынымен табыс табады. Ал пирамиданың төменгі жағы ештеңе алмайды, олар тек пирамиданың жоғары сатысында тұрғандарға өз ақшасын сеніп тапсырды.

Осылайша, осы схеманы ұйымдастырушылардың іс-әрекетінде қаржылық пирамиданың белгілері – табыс алудың алаяқтық схемасы көрінеді.

Біріншіден, жоғары табыстылық, жылдам байыту, жылдам пайда алу уәделері нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары.

Екіншіден, ұйымдастырушыларда арнайы лицензиялардың болмауы, ал қаржы нарықтарындағы қызмет міндетті мемлекеттік лицензиялауға жатады.

Үшіншіден, нақты инвестициялық қызмет болмағанына қарамастан агрессивті жарнама.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы заңсыз табыс табу бойынша қызмет жасаушылар мен басшыларына қатысты ҚК-нің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Прокуратура органдары елорда тұрғындарына заң тұрғысынан күмәнді жолмен табыс табудан бас тартуды ұсынады.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы кеңінен таралып жатқанын хабарлағанбыз

Қаржы пирамидасына қатысты мамандар пікірі қандай?

Жүздеген ақтөбелік қаржы пирамидасына сеніп сан соғып қалды

Қаржы пирамидасының құрбандары құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырып жүр

Қаржы пирамидаларының құрбанына айналмау үшін не істеу керек

Хабар 24 телеарнасы