427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Марқакөл ауылы жедел жәрдемнің жеделсіздігінен қиналып отыр

  • 692
  • UPD: 23:31, 18.02.2020

Марқакөлде жедел жәрдемнің жетуі қиын. Себебі дәрігерлік көмектің бұл түрі бір орталыққа біріктірілгенне кейін машақаты да көбейген. Ал облыс орталығынан алыс жатқан  интернет пен байланысы нашар ауылдарға тіптен қиын. Марқакөлдіктерді сарылтқан жедел жәрдем ғана емес.

Марқакөл бұрын аудан орталығы болғанда 20 мыңға жуық халық  болса, қазір 7 мыңнан астам  ғана тұрғыны бар. Дегенмен, негізгі әлеуметтік мекемелер қызметін атқарып тұр. Бірақ соңғы жылдары халық басы аурып, балтыры сыздаған кезде қиналады. Себебі жедел жәрдемде жеделдік жоқ.

Нұрзия Абыраева, Марқакөл ауылының тұрғыны:

- Жедел  жәрдем жай келеді.  Мен мысалы жедел жәрдемдегі балалларды кіналамаймын. Олар  қалаға қоңырау шалады екен. Қала  одан бәрін жазып алып, рұхсат береді екен. Ол жақ орысша сұрайды. Бізде кейбіра уылдар қазақша аталған. Сондықтан келгенде ренжігенде  олар бізден кінә емес, біз осындай кешігіп келеміз, дейді. 

Қазір жедел жәрдем қызметі тек бір орталықтан басқарылады. Интернеті жоқ, байланыс сапасы нашар елді мекендер үшін қиын. 

Гүлнәр Таменова, Марқакөл ауылдық ауруханасының меңгерушісі:

- Солар  өздерінің дұрыс түсіндіре алмағандықтарынан көмекті кешкітіріп алып жатыр. Содан бізге  шағымданады. Бізге жай келдіңіздер, деп.Енді ол кінә бізден емес деп ойлаймын. Осы қалаға берлілгендіктен адамдар жағдайын дұрыс түсіндіре алмағындықтан медициналық  көмек кешігіп атқарып жатыр.

Медициналық көмек кешіккендіктен жүкті аналар ауылдан 500 шақырым Өскеменде босануға мәжбүр. Өткен жылы Күршім ауданы бойынша 371 ана босанса, олардың 95 проценті облыс орталығына келген.

Нәдия Мұратбекова, Марқакөл ауылының тұрғыны:

- Өскеменде босандым. Енді 1 ай бұрын жіберді. Қазір қыста қауіпті ғой.  Ертерек барып босандым.

Ауылдық аурухана деген аты болғанымен заты басқа. Бірқатар дәрігер- маман да жетіспейді. Сондықтан ауыр науқастарды Күршім мен Өскеменге жібреді. 

Гүлнәр Таменова, Марқакөл ауылдық ауруханасының меңгерушісі:

- Анестезиолог керек қой. Ең бірінші. Ол кісі жоқ бізде. Неонатолог жаңа туған баланы арайтын ол жоқ бізде. Жай педиатр бар. Сол жағдайларға байланысты аяғы ауыр адамдарды қалаға жібереміз.

Күршім аудандық ауруханасының бас дәрігері жас дәрігерді шақырып әкелгенімізбен, тәжірибе тағы керек дейді. Халық саны көбеймесе  келген маман  бар тәжірибесін жоғалтуы мүмкін. Бірақ оған қармастан жас мамандарды іздеуге енді кіріспек. 

Марат Білейменов, Күршім аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Енді іздейміз. Қараймыз. Оны шешуге тырысамыз. Неге десеңіз онсыз болмайды. Анестезиолог, реаниматолог қажет екенін біз жақсы білеміз. Сондықтан да біз ол бойынша Семейдің, Қарағандының, Астанамен, Ақтөбемен жұмыс жасаймыз. 

Марқакөлден соңғы жылдары ел үдере көшіп жатқан жоқ. Тіпті білім беру саласына жас мамандар көптеп келіп жатыр. Балабақша мен мектептегі бастауыш сыныпта бала толық. Сондықтан халықтың күдігінен үміті басым.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы