413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жүргізуші полицейге қарсылық танытты

  • 262
  • UPD: 19:38, 18.02.2020
Ақмола облысында жүргізуші полицейге қарсылық танытты

Ақмола облысында да көлік жүргізушісі тәртіп сақшысына қарсылық көрсетті.

Оқиға  Жақсы ауданының аумағында болған. Патрульдік полицейлер, «Chevrolet Aveo» жеңіл автокөлігін тоқтатқан кезде жүргізушінің көлікті басқару куәлігі жоқ болып шығады. Көліктен түсуді талап еткенде қаша жөнелген. Оны тоқтатпақ болған полицей темір тұлпардың жолын кес-кестеп, оның астына түсіп қала жаздады. Қазір жүргізуші ұсталып, тергеу жүріп жатыр. 

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сондай-ақ істі тергеу барысында аталған жүргізушінің бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Мәселен, 2015 жылы ол жүргізуші куәлігінен айрылса, 2017 жылы ҚР қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша тиісті құжаттарсыз көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылған. Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы