Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкеевке сот үкімі шықты.
Ислам Әбішов 5 жылға бас бостандығынан айырылса, Серік Түкеевке 4 жыл жаза кесілді. Оларға белгілі бір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салынды. Су комитетінің бұрынғы төрағасы мен Серік Түкеевке бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алды деген айып тағылған.