414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде қосымша 14 халықаралық әуе рейсі ашылады

  • 268
  • UPD: 20:26, 18.02.2020

Осы бағытта Qatar Airways, Emirates, Air Asia сынды бірқатар компаниялар іске кіріседі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысында мәлім болды.

Ведомство басшысының орынбасары Берік Қамалиевтің айтуынша, алдағы уақытта «Варшава-Нұр-Сұлтан» және «Минск-Алматы» бағыты бойынша аптасына жеті рет қатынай аламыз. Сондай-ақ биыл Алматы-Париж бен Алматы-Мумбай әуе бағыты ашылады. Жалпы қалааралық әуе рейстерінің жандауы байқалады. Былтыр 875 мың әуе билеті сатылған. 

Берік Қамалиев, ҚР ИИД министрінің орынбасары:

- Мемлекеттік бағдарлама аясында Ішкі туризмді ынталандыру үшін биыл Үшарал мен Үржар аэродромдарының ұшып қону жолағын жаңғырту жоспарланып отыр. Қазір үшеуі іске қосылған. Алдағы бес жылда еліміздің 6 өңірінде тағы 13 аэродром салу көзделіп отыр. 

Жиында көтерілген тағы бір мәселе - құрылыс сапасын қадағалау. Бұл мақсатта биыл «Е-құрылыс» бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілмек. Жүйе нысан құрылысын басынан аяғына дейін онлайн режимде жіті бақылауға мүмкіндік береді. Биыл министрлік алдында 130 мыңнан астам тұрғын үй салу міндеті тұр. Саладағы атқарылған істер мен жоспарларға қаныққан Премьер-министрдің орынбасары республикалық тас жолдардың құрылысына да қатысты  тапсырма жүктеді. 

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Жолдар құрылысы, оларды жөндеу және күтімі бойынша бақылау сапасын қамтамасыз ету қажет. Биылдан бастап «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Қарағанды-Балқаш-Алматы», «Талдықорған-Өскемен»  және республикалық маңызы бар басқа да тас жолдардағы көлік қатынасына жол ашу мәселесін қолға алынды.

Хабар 24 телеарнасы