437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 400-ден астам дәрігер жетіспейді

  • 138
  • UPD: 20:19, 18.02.2020
Ақмола облысында 400-ден астам дәрігер жетіспейді

Дәрігерлердің төрттен бірі ауыл-аймаққа қажет. Қазір бұл өңір хирург, балалар дәрігері, психиатрлар мен акушер-гинекологтарға мұқтаж.

Ал білікті кадрлардың тұрақтамауына себеп көп. Ең біріншісі, баспана мәселесі. Одан кейін жалақы, тізе берсеңіз тізім үлкен. Себебі іргеде елорда тұр. Тәжірибе жинаған дәрігерлер айлық табысы жоғары алып шаһарда жұмыс істегісі келеді. Осыны ескерген билік биылдан бастап, Ақмола облысының ауылдарына жұмысқа келген жас мамандарға жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қайтарымсыз қаражат бермек. Бұдан бөлек облыстық әкімдіктен маман дайындауға жыл сайын 50 грант бөлінеді. Бұл жастар оқуын тәмамдаған соң өңірде жұмыс істеуге міндеттеледі.   

Ермек Маржықпаев, облыс әкімі:

- Аймақты медицина мамандарымен қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды қолға алып жатырмыз. Бірақ сонда да әлі 415 дәрігер жетіспейді. Былтырғы келген 67 дәрігердің тек 35-ін ғана баспанамен қамтамасыз еттік. Өкінішке орай, ең басты мәселе осы болып тұр. Яғни біз олардың жағдайын жасап бере алмай отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы