435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша 3943 дәрігер жетіспейді

  • 174
  • UPD: 20:54, 18.02.2020
Қазақстан бойынша 3943 дәрігер жетіспейді

Ел бойынша алып қарастырсақ, 4 мыңға жуық дәрігердің орыны бос тұр. Әсіресе ауыл-аймақты маманмен қамту мәселесі өзекті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша емханаларға 700-ден астам жалпы тәжірибедегі дәрігер керек. Сосын педиатр, акушер-гинеколог, онкологтар мен аллерголгтар жетіспейді. Кардиолог, хирургтерге де сұраныс жоғары. Мысалы, Қарағанды облысына 400-ден астам, Солтүстік Қазақстанға 200-ден астам, Батыс Қазақстанға 200,  Жамбыл облысына 100 дәрігер керек. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының өзінде жүздеген маманның орны бос. Қазір қызметте жүргендердің 25 проценті зейнет жасына тақап қалған. Жалпы, елімізде 230 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Оның 70 мыңға жуығы дәрігер.

Хабар 24 телеарнасы