424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада тіс емдеу мамандарының семинары өтті

  • 626
  • UPD: 22:07, 18.02.2020

Стоматология саласы білікті маман мен балалар дәрігеріне зәру. Дәрінің теріс әсері жайлы соңғы кезде жиі естіп жүрміз. Осының бәрі сол білікті маманның тапшылығынан болады. Қызылордада өткен тіс дәрігерлерінің облыстық семинарында мамандар осы өзекті мәселені көтерді.

Адам 32 тісін жастайынан күтіп ұстауы керек. Тісің түгел болса денсаулығың да дұрыс болады. Қызылордалық стоматологтар осындай пікірде. Кейде күрделі әрі қиын операциялардың өзі осы мәселеден туындап жатады. 

Қонақбай Мүслімов, облыстың бас стоматологы:

- Қазір енді елімізде кездесіп жатқан жағдайлар осы анафилактикалық шок дейміз, сол кішкене асқынулар болып, соған енді дәрігерлер сертификат алса, мамандарды оқытсақ, тереңірек оқытсақ сол асқынуларды болдырмау үшін.

Осындай бірқатар мәселелерді талқылау үшін тіс дәрігерлері арнайы оқу-семинарда бас қосты. Бүгінде тіс емдеу кезінде ауруды сездірмейтін анестетиктерді дұрыс қолданбау жағдайлары жиілеп кеткен. Емделушілер анафилактикалық шокқа түскен жағдайда дәрігерлер қандай әрекет жасауы тиіс? Семинарға арқау болған басты тақырыптың бірі осы болды. 

Майра Көпбаева, Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Дәрілерді дұрыс таңдай білу, ағзаға теріс әсері болған жағдайда асқынулардың алдын алу  тіс дәрігерлерінің ең маңызды міндеті. Бұл мақсатта шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілер де өзгерістер енгізу күтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірде стоматологиялық қызметті дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Алты жыл бұрын Қызылорда қаласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсететін облыстық стоматологиялық емхана ашылды. 

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Стоматологияда 33 қызметкеріміз бар оның ішінде 22-сі жоғары білімді дәрігерлер. Және әр ауданда мемлекеттік стоматологиямыз бар. Және бізде тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.

Мамандардың айтуынша, бүгінде стоматология үлкен мүмкіндіктерге ие болса да, тіс аурулары көрсеткіші бұрынғысынша жоғары.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы