439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда аумағында көктемде су басуы ықтимал 37 аумақ бар

  • 184
  • UPD: 22:21, 18.02.2020

Бас шаһарда 30-дан аса аумақты көктемде су басуы мүмкін. Әсіресе қала шетіндегі тұрғын алаптарға қауіп төніп тұр. «Астана» су қоймасындағы жағдай қалай? Жергілікті билік өкілдері көктемге қаншалықты қамданған?

Бұл өткен жылдардағы көрініс. Ол кезде қар тіптен қалың емес еді. 

Ал биыл ше? Биыл ақ ұлпа 2018-2019 жылдардағы нормадан 3 есеге көп жауды. Тиісінше қауіп те басым. Аулаларда жал-жал болып жатқан мына қардың бәрі ерісе не болмақ? 

Бас қаланың аумағында көктемде су басуы ықтимал 37 аумақ бар. Әсіресе Қараөткел, Өндіріс, Агроқалашық тұрғын алаптары алаңдатады. Қалалық әкімдік өкілі даурығуға негіз жоқ дегенді алға тартты. Себебі су тасқынына қарсы кешенді жоспар бекітілген. 

Александр Терещенко, отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы:

- Осы жоспардың аясында барлық магистральдар, аулаішілік жолдар қардан тазартылып жатыр. Өзендердің деңгейі тексерілді. Алаңдатарлық емес. 9 шақырым арық тазаланды. 330 адам, 91 техника дайын. Жанармай жеткілікті. Тұрғындарды көшіру керек болса 4 қонақ үй әзір тұр. 

«Астана» су қоймасы да орта. Қазір мұнда 242 миллион текше метр су бар. Бұл дегеніңіз қойма тек 58 жарым процентке толы деген сөз. Еріген қарды осы қойма қабылдай алады алдағы уақытта. 

Еріген қар су қоймасына жеткенше қаланың ішін алып кетпей ме деген сұрақ туындайды. Әкімдік өкілі «суағарлар жаппай тазартылады» деді. Реті келгенде айта кетейік, бас қалада жалпы ұзындығы 390 шақырым суағар бар. Соның 27 шақырымы тозған. Жөндеу керек. Әсіресе Тәшенов, Бараев көшелері мен Тәуелсіздік, Республика даңғылдарындағы жағдай өзекті. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Тәшенов көшесі мен Республика даңғылындағы мына көпірдің астын көктемде қар ерісе яки жаңбыр жауса су басады. Бұл Мәңгілік ел көшесі. Министрліктер үйінің қасы. Бұл жерді де су алып тұрады. Бұл Бауыржан Момышұлы даңғылы. Бұл көшені де жиі су басады. 

Александр Терещенко, отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы:

- Бауыржан Момышұлы даңғылында жаңадан суағарлар салынып, ескілері жөнделеді. Тиісінше арнадан ағатын су көлемі 8 мыңнан 21 мың текше метрге дейін ұлғаяды. 

Биыл қалада жаңадан 11 суағар салынады. Тар арналар кеңейтіледі. Бұл бағытта 16 жоба қарастырылып жатыр. 

Сондықтан мына көріністер алдағы уақытта қайталанбас деген үміт бар.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы