425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келіншектің ажалына себепкер операцияны жасаған пластикалық хирург сотталып жатыр

  • 535
  • UPD: 23:30, 18.02.2020

Алматыда тері астындағы майын алғызамын деп қаза тапқан әйелдің ісі бойынша сот отырысы өтті. Пластикалық хирург Роман Алфёровтан күдікті ретінде жауап алынды.

Кінәлілер қатарында кезекші дәрігер мен анестезиолог та бар. Олар өздерінің кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталуда. Әйел көп қан жоғалтып, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Айыптаушы тарап адвокатының мәлімдеуінше, тіпті хирург липосакцияны арнайы орында жасамаған. Ал күдікті операцияға қажетті құралдарды дұрыс қолданғанын алға тартуда. Мәселенің анық-қанығы тәуелсіз сарапшылардың қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Айта кетейік, алматылық келіншек екі жыл бұрын «хирургиялық әдіс арқылы денесіндегі артық майдан арыламын» деп көз жұмған болатын. 

Роман Алфёров, күдікті:

- Бұл аспап тек липосакция жасауға арналған. Құралдың негізгі міндеті –  кері қысым беруі керек. Құрал сипаттамасына сай қолданылды. Майды хирургиялық жолмен соруға арналған вакуумды құралдың құжаты бар.

Хабар 24 телеарнасы