411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында пилоттық жоба аясында 681 студентке квота берілген

  • 322
  • UPD: 09:58, 19.02.2020
Маңғыстау облысында пилоттық жоба аясында 681 студентке квота берілген

Маңғыстау облысы «Студенттік әлеуметтік кредит» модуліне қатысу бойынша ең төменгі орында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пилоттық жоба аясында былтыр 112 студентке квота берілген. Барлығы да волонтерлерге ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған Qazvolunteer.kz онлайн тұғырнамасына тіркелген. Бұл тұғырнамаға осы өңірдегі 14 мекеме-кәсіпорындар тіркелгенімен, олардағы бос орындар тізімі әлі күнге дейін жасалмаған көрінеді. Сәйкесінше, Ақтаудағы мемлекеттік университетте оқып жатқан студенттер әлеуметтік пайдалы істерге тартылмай келеді. Биылғы еріктілер жылында тағы қосымша 569 квота бөлінді. Осы ретте жобаға жауапты мамандар үкіметтік емес ұйымдар мен коммуналдық мемлекеттік органдарды онлайн-тұғырнамада көрсетілген модульге тіркелуді сұрайды.

Алтын Мәмбетова, «Студенттік әлеуметтік кредит» модулі жобасының үйлестірушісі:

– Өте тиімді жоба деп есептеймін. Өйткені бұл студенттердің жұмысы Білім министрлігі арқылы төленеді де, ал бұл мекемелер тек қана өздері берген ваканттық орындарына қызметкерлер ала алады. Беріліп отырған 20 және 50 сағаттың көлемінде студент аптасына 4-5 сағаттан артық жұмыс істей алмайды. Талап сондай. Сол жұмысын істеп үлгеріп, өзіне бөлінген кредиттік көлемдегі еңбекақысын алу үшін оны тезірек бастағанымыз дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы