448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 196 адам тұмауға шалдыққан

  • 124
  • UPD: 09:52, 19.02.2020
СҚО-да 196 адам тұмауға шалдыққан

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 200-ге жуық адам тұмау жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20 мыңға тарта азамат жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдыққан. Сырқатқа шалдыққандардың басым бөлігін 14 жасқа толмаған балалар құрап отыр. Ал олардың барлығы дерлік уақытылы екпе жасатпағандары белгілі болды. Ақ халаттылардың айтуы бойынша, бұл дертке шалдыққандардың қатары соңғы аптада көбейген. Жалпы аталған індеттің алдын алу мақсатында 52 миллион теңгеге 60 мың доза ресейлік вакцина сатып алынған болатын. Қаржы облыстық қазынадан бөлінді.

Айнаш Сағандықова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД баспасөз хатшысы:

– Эпидемиологиялық маусым басталғанан бері Солтүстік қазақстан облысында тұмаудың 196 жағдайы тіркеліп отыр. Оның «А» типті айтатын болсақ – 95 жағдай, «Б» типті – 101 жағдай тіркелді. Және де осы өткен жұмадағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, 7 процентке артқаны байқалып отыр. Оны ауа райының күрт өзгеруімен байланыстырамыз.

Хабар 24 телеарнасы