420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 22 өнімнен қауіпті ішек таяқшалары табылған

  • 564
БҚО-да 22 өнімнен қауіпті ішек таяқшалары табылған

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы азық-түлік өнімдерінен алынған 2 мың 200-дей сынаманың 20% Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сай болмай шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, тауардағы мәліметтің мемлекеттік тілде болмауы, өндіруші мен оны сатушы тарапынан өнімнің шыққан күні жайлы жалған ақпараттың жазылуы жиі кездескен. Ал зертханалық сараптама барысында 22 өнімнің микробиологиялық сәйкессіздігі анықталды. Оның 5-і отандық өнім болса, 1-і Беларусьте, 16-ы Ресейде жасалған тағам түрлері екен. Шетелдік сүт және құс өнімдерінен ішек таяқшалары мен энтеропатогенді микроағзалар табылған. Тексеріс қорытындысында кәсіпкерлерге 12 қаулы толтырылып, жалпы сомасы 669 мың теңгеге айыппұл салыныпты.

Мұхаммед Арысбаев, тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Ет тағамдарының ішінде шұжық әкелінетін, одан кейін сүт тағамдары, бұқтырылған ет консервілер бар. Ішек бактериялары адамға қауіпті. Сондықтан екі тоннадай тағам жеткізушілерге кері қайтарылып, жойылды.

Хабар 24 телеарнасы