432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рухани жаңғыру: Алматы облысында 200 жоба жүзеге асады

  • 189
Рухани жаңғыру: Алматы облысында 200 жоба жүзеге асады

Алматы облысында биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен 200 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Ауқымды шаралардың ішінде «Тұғырлы туым» форумы мен «Түркфильм» фестивалі бар. Аясында шетелдің тарихи фильм түсіретін танымал режиссерлері шақыртылып, отандық мамандармен өзара тәжірибе алмастыру көзделген. «Ескерткіштер ел тарихы» бастамасымен бірнеше монумент жаңартылады. Одан бөлек, «Жетісу – атамекенім» деген тақырыпта суретшілердің республикалық пленэрін ұйымдастыру жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде «Орбұлақ» шайқасын сахналау сынды 600 шақты ірілі ұсақты іс шара өткізілді. Оған 1 млнға жуық адам қатысқан. Ақын Ілияс Жансүгіровпен ғалым Жұмахан Балапановқа ескерткіш қойылған еді. 

Дана Дүйсенова, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры:

– «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында облысымыздың 7 ауданында бүгінгі күні 44 жоба іске асырылуда. 2019 жылы оның 9 аяқталып, оның ішінде жолдарды жөндеу, білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізу, және де сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталып, 2020 жылы 22 елді мекенде осы аталған жұмыстар жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы