437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жолда қалған 250 адам құтқарылды

  • 130
СҚО-да жолда қалған 250 адам құтқарылды РИА Биробиджан

Солтүстік Қазақстан облысында қар құрсауында қалып қойған 250 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде 25 бала бар. Кешеден бері өңірде боран соғып, бірнеше бағыттағы жол жабылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, дабылды ескерту жариялаған. Алайда ескертуге қарамастан, кейбір адамдар жолға шығып, көліктері қарға батып қалды. Мәселен, Шахавское ауылы маңында жүкті әйел мен балалары құтқарылып, аман-есен үйіне жеткізілді.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Ғабит Мүсірепов ауданында қар кептелісінде 27 бірлік автокөлік және оның ішінде 40 адам және 2 бала құтқарылды. Благовещенко-Қайранкөл облыстық маңызы бар автожолында Қытай Халық Республикасының азаматы қар кептелсінде қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған оқиға орнына ТЖБ және патрульдік полиция қызметкерлері келіп, аталған азаматты қар кептелісінен шығарған.

Хабар 24 телеарнасы