421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жолда қалғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр

  • 541
Ақмола облысында жолда қалғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Ақмола облысында өткен түнде боранның салдарынан жолда қалған 100-ге жуық жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов хабарлады. Оның айтуынша, құтқару жұмыстары өткен тәулікте барлық ауданда дерлік жүргізілген. Абырой болғанда, адамдардың бәрі дін аман. Ал түнде жолдарда ақтүтек бораннан түк көрінбей, көлік қозғалысы қиындаған. Алдын ала хабарлама таратылып, кеше түстен кейін барлық бағыттағы жолдар жабылса да, біраз адам сапарға шығып, қиын жағдайға тап болды. Әсіресе, Ерейментау, Атбасар, Целиноград, Ақкөл және Шортанды аудандарында жағдай қиын. Бұл аймақтарда желдің екпіні секундына 25-30 метрге дейін жеткен. Қазір де бірнеше бағыттағы жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Жүздеген техника қарды тазалаумен айналысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы