425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 40 жолаушыға көмек көрсетілді

  • 470
  • UPD: 13:28, 19.02.2020
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 40 жолаушыға көмек көрсетілді

Қарағанды өңірінде бір түннің ішінде қар құрсауында қалып қойған 40 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқару операциясы негізінен Осакаров ауданының аумағында жүргізілді. Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында жолаушылар автобусы қалың қарға батып қалған. Оның ішіндегі 29 адам жергілікті мәдениет үйіне орналастырылды. Табиғат тосын мінез танытып, салдарынан жолда қалған жеңіл автокөліктердің ішінде 11 адам болған. Барлығы дін аман. Қазір Сенокосное ауылының екі тұрғыны іздестірілуде. Олар қарда жүретін арнайы техникамен малдарын іздеп шығып, адасып кеткен. Өңірде шұғыл штаб құрылып, жұмыс істеп тұр. Оның құрамына төтенше жағдай басқармасы мамандарымен қатар, полиция, әскерилер және жолға жауапты мекемелердің қызметкерлері де енді.

Ибрагим Күлшімбаев, облыстық ТЖД басшысы:

– Ауа райының бұзылуы бойынша 8 бағытта жол жүру шектелуде. Өткізу пунктерінде қазір 261 бірлік техника тоқтап тұр. Ең көбі Теміртаудан шыға берісте және Осакаровка кентінде. Қазіргі уақытта жол тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 184 бірлік техника жұмылдырылып отыр. Казгидромедтің мәліметі бойынша бүгінгі түнге қарай жел басылады.

Хабар 24 телеарнасы