424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құтқарушылар боранды күні келетін ескертуге назар аударуды сұрайды

  • 379
  • UPD: 16:53, 19.02.2020

Ақмола облысында өткен жылдың соңында күн райының қолайсыздығына байланысты құрылған арнайы штаб өз жұмысын қайта жалғастыруға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі аймақта кеше түс ауа күн райы күрт бұзылып, боран басталды. Өңірде көлік қозғалысы қиындап, барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Қалада боран басылды. Біз қазір жедел штабтың кеңсесінде тұрмыз. Мұнда мамандар кешелі бері жұмыс істеп жатыр. Бірақ сырт жақтар мәз емес дейді мамандар. Жағдай әсіресе түнде өте қиын болған. Мәселен, өткен түнде облыс бойынша боранның салдарынан жолда қалған 100-ге жуық жолаушы құтқарылған. Алдын ала хабарлама таратылып, кеше түстен кейін барлық бағыттағы жолдар жабылса да, біраз адам сапарға шығып, қиын жағдайға тап болған. Ең күрделі жағдайлар, Ерейментау, Атбасар, Целиноград, Ақкөл және Шортанды аудандарында тіркеліп отыр. Бұл аймақтарда желдің екпіні секундына 25-30 метрге дейін жеткен.

Жалпы осындай ауа райы болатынын 17 ақпанда Қазгидромет мамандары хабарлаған болатын. Синоптиктер болжамы дәл келіп отыр. Сондықтан құтқарушылар ескерту келгеннен кейін жолға мүлдем шықпауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы