448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы қақтығыс: 90 қылмыстық іс қозғалды

  • 263
  • UPD: 16:46, 19.02.2020

Қордайдағы жағдайға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде, адам өлтіруге қатысты 11 дерек бар. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр. Қосымша деректер пайда болып, қылмыстық істердің саны артқан. Осы күнге дейін жүздеген адам тергеуге алынды. Әр қайсысының оқиғаға қатыстылығы тексеріліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Ал жалпы қамауға алынған адам санына қатысты мәлімет әзірге құпия түрде сақталып отыр.

Марат Қожаев, ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

– Полицейлерге қарсылық көрсетіп, кикілжіңнің туындауына түрткі болған азаматтарға тоқталсам, үшеуі қамауға алынып, қылмыстық істері сотқа жолданды. Егде жастағы адамды соққыға жыққандар да ұсталды. Ал қалған арандатушылар жайлы мәлімет алдағы уақытта белгілі болады. Жалпы қамауға алынғандардың арасында күштік құрылым өкілдері жоқ.

Хабар 24 телеарнасы