418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус таралған елдерден келген қазақстандықтар карантинді бұзса, жауапкершілікке тартылады

  • 411
  • UPD: 16:21, 19.02.2020
Коронавирус таралған елдерден келген қазақстандықтар карантинді бұзса, жауапкершілікке тартылады

Коронавирус тіркелген шетелдерден келген қазақстандықтар міндетті түрде карантинге алынады.

Карантинді бұзған азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 462-бабына сай жауапкершілікке тартылады және айыппұл салынады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Айтуынша, жағдайды жергілікті дәрігерлер мен Ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері күн сайын қадағалап отырады.

«17 ақпанда ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Бұл қаулы бүгін түнгі сағат 00:00-де күшіне енеді. Коронавирустық індеттің алдын алу шаралары бойынша жүргізілетін профилактикалық шараларды күшейту бойынша. Қаулыға сай сырттан келіп жатқан азаматтарды 3 топта бөлеміз. Бүгінгі күннен есептегенде соңғы 14 күн бұрын, яғни 6 ақпаннан бастап Қытайда болған азаматтар міндетті түрде 14 күнге стационарға каратинге жатқызылады. 14 күннен кейін олар 10 күн дәрігердің қадағалауында болады. Екінші топ, яғни коронавирус таралған басқа да елдерден келген азаматтар 14 күндік үй карантиніне жатқызылады. Одан кейін тағы да 10 күн тұрғылықты жері бойынша дәрігердің қадағалауында болады. Үшінші топқа коронавирус жұқтырған 10-нан аз науқас тіркелген елдерден келген азаматтар кіреді. Олар 24 күн бойы тұрғылықты жері бойынша дәрігердің қадағалауында болады», - деді Д.Ахметшәріп.

Үй карантиніне алынған адамдар ең алдымен өзінің туған-туыстары мен жақындарын, достарын ойлауы керек екендігін еске салды.

Сондай-ақ індет өршіп тұрған шетелдерге шықпауға кеңес берді.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы