412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сақтықта қорлық жоқ: қазақстандық дәрігерлер қауіпті індетке қаншалықты дайын

  • 824
  • UPD: 16:22, 19.02.2020
Сақтықта қорлық жоқ: қазақстандық дәрігерлер қауіпті індетке қаншалықты дайын argumenti.ru

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус індетімен тіркелгендер жоқ.

Елімізде дәрігерлердің киімдері де, маскалары да, дәрі-дәрмектер де толық көлемде бар.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Жағдайды министрлік тарапынан жіті қадағалап отырмыз. Әр аймақта, әр облыс пен әр қалада клиникалық стационар, төсек орындардар дайын. Дәрігерлердің барлығы хабардар. Шұғыл жағдай бола қалғанда қандай шаралар қолдану керектігін біледі», - деді ол.

Ведомствоаралық үлкен комиссия құрылғанын айтып өтті.

«Күнде жиналыстар өтіп тұрады. Денсаулық сақтау министрлігінде күніне 2-3 рет штаб жұмысы өткізіледі. Таңғы сағат 8:00-де және кешкі сағат 20:00-де өтеді. Сол себепті жағдайды жіті қадағалып отырмыз. Барлық аймақтар бойынша кім тіркелді, кім келді, кім шықты, қай қаладан, қай мемлекеттен келді барлығы бақылауда. Бетін әрі қылсын, бірақ болып қалған жағдайда біз 100 пайыз дайынбыз», - деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетсек, коронавирус жағдайы тіркелген елдерден келген қазақстандықтар белгіленген карантинді бұзса, жауапкершілікке тартылады.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы