448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген видео жарияланды

  • 182
  • UPD: 17:58, 19.02.2020

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген видео жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко бұл видеоның авиациялық комитеттің техникалық зертханасы негізінде жасалғанын айтты.

«Мен осыған дейін авиацияда мұндай жағдайлардың болғанын айттым. Ұшудың мұндай параметрлерін біз 2007 жылы Францияда байқаған болатынбыз. Мамандар әуе апатына сараптама жүргізді. Францияның органдары бізге барлық мәліметті берді», – деді Виктор Сороченко.

Еске салайық, Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 7:05-те Алматыдан Қазақстанға ұшып шығып, одан кейін радардан жоғалып кеткен болатын. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған еді.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы