419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі тұрғын үй құрылысы саласында бірыңғай оператор құрылады

  • 553
  • UPD: 17:56, 19.02.2020
Еліміздегі тұрғын үй құрылысы саласында бірыңғай оператор құрылады

Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда хабарлады.

Оператор құрылыстың жаңа әдістерін, құрылыс материалдарын, жаңа технологияларды қолдануға міндеттеледі. Сондай-ақ «Даму» қорының несие салушыларын субсидиялау функциялары аударылатын болады.

Әнуар Омарқожаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бізде «Бәйтерек» девелопмент, Қазақстандық ипотекалық компания және тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры біріктіріледі. 1 маусымға дейін біз заңнамаға өзгерістер енгізу және өзгерту бойынша тиісті жұмыстар жүргіземіз. Бірыңғай оператор стратегиялық жоспарлаудан бастап инжиниринг, сандық мониторингты қоса алғанда іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаларға тікелей қолдау көрсететін болады.

Хабар 24 телеарнасы