432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өткен түні жарты айлық мөлшердің жауын-шашыны түсті

  • 433
  • UPD: 18:14, 19.02.2020
Елордада өткен түні жарты айлық мөлшердің жауын-шашыны түсті

Қыс басталғалы бас қаладан 4 миллион бір жүз мың текше метрден аса қар шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түннің өзінде полигондарға 32 мың текше метр қар төгілген. Бүгінгі қолайсыз күн райында қала көшелерін ақ ұлпадан тазартуға 1100 жұмысшы мен 1400 дей техника жұмылдырылды. Өткен түні шаһарға жарты айлық нормадағы жауын-шашын түскен. Елордада дауылды ескерту жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы