423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында 14 бағытқа шығатын жолдар жабылды

  • 541
  • UPD: 18:37, 19.02.2020
Ақмола облысында 14 бағытқа шығатын жолдар жабылды

Барлығы республикалық маңыздағы трассалар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге Көкшетау-Зеренді, Щучинск, Петропавл, Омбы секілді қысқа қашықтықтағы тас жолдарда көлік қозғалысына рұқсат етілген. Ауа райы бұзылып, жолдар жабылғалы 100-ден астам адам құтқарылған. Жолаушылардың көбі жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізілген. Боранға байланысты облыс орталығында жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Мұнда аудан, ауылдардан келген ақпарат өңделіп, жедел әрекет ету үшін шешімдер қабылданады. Мамандар жолда қалып қойғандар 112 қызметіне емес, 1403 нөміріне немесе «Дәрмен» арнайы қосымшасы арқылы хабарласуды сұрайды. Себебі, 112-дегі операторлар қоңырауларға жауап беріп үлгермей жатыр.

Денис Шелкоплясов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің атынан аймақ тұрғындары мен қонақтарын әзірге жолға шықпауларын өтінеміз. Жаңағы бес бағыттағы жол ашық болғанымен, олар да кез келген уақытта жабылып қалуы мүмкін. Бәрі де ауа райына байланысты. Қазір де облыс бойынша қар құрсауында қалғандарды құтқару жұмыстары жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы