448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қатысты карантинді бұзған азаматтар айыппұл төлейді

  • 301
  • UPD: 19:19, 19.02.2020
Коронавирусқа қатысты карантинді бұзған азаматтар айыппұл төлейді

Короновирус анықталған мемлекеттерден елге келіп, тиісті профилактикалық тексеруден өтпеген азаматтар айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет ошағы Қытайдан келген қазақстандықтар 14 күндік карантинде болады. Одан кейін де 10 күн бойы учаскелік дәрігердің бақылауында қалады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Диас Ахметшәріптің айтуынша, короновирустың 10 немесе одан да көп дерегі анықталған мемлекеттерден келген азаматтар 10 күн бойы үйішілік карантинде болуы міндетті. Ал, дерт көрсеткіші аздау елдерден келушілердің жағдайын дәрігерлер үш апта қатарынан сырттай қадағалауы керек.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Енді бұл шарттарды бұзған барлық азаматтар ҚР Әкімшілік кодексінің құқық бұзу, 462-бабына сай жауапкершілікке тартылады. Айыппұлдар белгіленеді. Егер бұндай құқық бұзушылық болса, оны тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерлер мен Ішкі істер басқармасының полиция өкілдері қадағалап отырады.

Хабар 24 телеарнасы