423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда ағайынды Әлекеевтерге қатысты сот үкімі шықты

  • 620
  • UPD: 19:43, 19.02.2020
Алматыда ағайынды Әлекеевтерге қатысты сот үкімі шықты

Алматыда бірнеше адамды қасақана қаққан ағайынды Әлекеевтерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш бірдей адамның ауыр жарақат алуына себепкер болған Дінмұхамед Әлекеев 11 жылға бас бостандығынан айырылса, ағасы Жандос 4 жылын қамауда өткізеді. Ағайындылар «бұзақылық» және «кісі өлтіруге оқталу» баптары бойынша айыпталған. Оқиға былтыр 26 тамызда болған еді. Көлік қаққандардың екеуі басынан жарақат алса, біреуінің аяғы сынған. Дегенмен, соттың шешімімен олардың туыстары мен қорғаушылары келіспей отыр.

Қайрат Серікұлы, адвокат:

- Аталған соттың үкімімен біз келіспейміз.Міндетті түрде аппеляциялық шағым беретін боламыз.қорғаушылардың ойынша, Әлекеев Дінмұхамед Көпбосынұлының іс әрекетінде 99-баптың қылмыс құрамы жоқ. Яғни, прокуратура іс-әрекетін дұрыс емес саралаған. Сонымен қоса, біздің ойымызша, Әлекеев Жандос Көпбосынұлының іс-әрекетінде бұзақылық бойынша ешқандай қылмыс құрамы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы