424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Болат Бақауовтың бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды

  • 530
  • UPD: 19:49, 19.02.2020
Болат Бақауовтың бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды

Қамауда отырған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов енді абақтыда емес, үйқамақта болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ тергеуден өзге уақытта үйінен шығуға, телефонмен сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуіне, өзге де байланыс құралдарын пайдалануға және өзге адамдармен араласуына тыйым салынған. Үйіне бақылау қойылды. Экс-әкім осыдан бір ай бұрын лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен наурыз айының 16-ына дейін қамауға алынған болатын.

Маржан Құрманғалиева, облыстық соттың баспасөз қызметінің маманы:

Бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Себебі Болат Бақауов Павлодар облысы әкімі қызметінен босатылған. Бүгінгі таңда ол тергеуге қатысты құжаттарға қол жеткізе алмайды. Сондықтан қылмыстық істі тергеуде кедергі келтіруге мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар қамауда отырғанда оның денсаулығы нашарлап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы