424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жолда қалған 81 адам құтқарылды

  • 438
  • UPD: 20:41, 19.02.2020
Қостанай облысында жолда қалған 81 адам құтқарылды

Қостанай өңірінде 29 бағыт бойынша жол жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін соның біреуі ғана ашылды. Далада қалған көліктерден 81 адам құтқарылған. Оның екеуі бала. Жол бойында ашылған 20 жылыту орындарының екеуіне жолаушылар жеткізілген. Ал боран әлі де ұйытқып тұр.

Сайранбек Бекмағамбетов, Қостанай облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Қазіргі кезде Диевка бағытындағы жол бөлігінде тұрып қалған 10 автокөлікті қар құрсауынан алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қарасу ауылының тұсында азық-түлік тиеген Газель машинасына да көмек жіберілді. Арқалық қаласында да құтқару жұмыстары жалғасуда. Осы екі күннің ішінде 25 шақты көлік жолда қалған.

Хабар 24 телеарнасы