420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО жолдарында ТЖҚ мен полиция кезекшілік атқаруда

  • 430
  • UPD: 11:16, 20.02.2020

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін де дабылды ескерту жарияланды. Өңірдегі кейбір аудандарда қатты жел соғып, қар жауып, боран көтерілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері көз ілмей жұмыс істеп, полицейлер жолдарда кезекшілік етіп жүр. Олардың түні қалай өтті? Ауа райы қалай?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Солтүстік Қазақстан облысында кеше күн ашылғандай болып еді, түнді қайтадан бұзылды. Өңірдегі Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Шал Ақын, Тимирязев аудандарында қарлы боран соғып, жел көтерілді. Қазір облыстық жолдар түгел жабық. Ал республикалық 5 аумақта көлік қозғалысына шектеу қойылған. Қанша ескерту жасалса да адамдар оны елемейтін сияқты. Түнде қар құрсауында батып қалған 16 көлік шығарылып, 37 жолаушы құтқарылды. Оның біреуі бала. Қазір қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы