420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте су тасқынына қарсы жаттығулар өтті

  • 559
  • UPD: 11:12, 20.02.2020
Шымкентте су тасқынына қарсы жаттығулар өтті

Шымкентте құтқарушылар су тасқыны қаупі бар аудандардан адамдарды оқшаулады. Бұл оқу-жаттығу Бадам өзені ағып өтетін «Жаңа талап» тұрғын алабында өткізілді.

Жаттығу барысында азаматтық қорғауды қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою барысындағы іс-шаралар пысықталды. Жаттығу сценарий аясында қатты нөсерден, қар жамылғысы тез еріп, салдарынан Бадам өзеніндегі су ағыны күрт артқан. Өзен сағасын шайып, арна бағытын өзгерте бастайды. Көрсетілген мекенжайға жеке құрамнан 50 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл жолы төтенше жағдайлар мамандарына волонтерлер көмекке келіп, олар адамдарды үйлерінен алып шығуға жәрдемдесті.

Жалпы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда. Ешқандай қауіп жоқ екендігін жеткізді. 

Ерғали Бахаев, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

- Бадам өзені өте жақын орналасқан жер.Жылма жыл болмаса да осындай бір қатты су келген кезде жағалаулары шайылып, осы жерлерде қауіп төндіретін жерлер бар. Шымкент қаласында қазіргі таңда су басу қаупі ешқандай жоқ. Өздеріңізге белгілі ауа-райының өзі тамаша болып тұр. 

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл жерде 25 мыңнан аса халық тұрады. Осы 5 елді мекен өтеді бұл жерден. Осы Бадам өзені де біздің елді мекен арқылы өтеді. Жылда осындай қауіптер болып отырады. Алдын алу үшін осында бірлескен түрде шаралар өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы