448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында шатыры ұшқан мектептің оқушылары көрші ауылда оқып жүр

  • 154
  • UPD: 11:29, 20.02.2020

Төле би ауданындағы шатырын жел ұшырып кеткен Жыланбұзған мектебінің оқушылары көрші ауылға қатынап оқып жүр.

Мектеп құрылсының бір бөлігі осы аптада аяқталады деп жоспарланған. Яғни оқушылар келесі аптадан бастап сабақтарын өз мектебінде жалғастырады. Әзірше 440 бала көрші «Сұлтан Рабат» мектебінде екінші аусымда дәріс алуда. Оқушыларды көрші ауылдағы мектепке арнайы автобус тасымалдайды.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 9-да болған қатты желдің салдарынан мектептің шатыры ұшып, ауладағы нысандар, қоршаулар мен жоғары кернеулі электр бағаналарына дейін құлаған болатын. Мұнда мектептің тек шатырын ғана емес, сынып бөлмелерін де жөндеуге тура келеді. Себебі шатырсыз қалған ғимараттың 3-қабатындағы сынып бөлмелеріне жаңбыр суы өтіп кеткен. Ал электр бағаналары қалпына келтіріліп, білім ордасы электр энергиясына қосылған.  

Күлзира Алтаева, Жыланбұзған мектебінің директоры:

- Аққан су қуыстарға толып, енді сол кебу керек. Біз құрылысшылармен келісіп үшінші қабаттағы әрлеу жұмыстарын көктемгі демалысқа қалдырып отырмыз. Шатыр бітсе, сабақты келесі аптада өз мектебімізде жалғастырамыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы