loader

Алеппоға соңғы сегіз жылда алғаш рет жолаушылар ұшағы қонды

Алеппоға соңғы сегіз жылда алғаш рет жолаушылар ұшағы қонды

Сирияның Алеппо қаласындағы әуежайға соңғы 8 жылда алғаш рет жолаушылар ұшағы қонды. Дамаскіден келген әуе көлігінің бортында 120 жолаушы отырды. Олардың арасында елдің көлік министрі мен туризм министрі де бар. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жақын арада  Алепподан Дамаскі мен Каирге тұрақты рейс қатынайтын болады.

Естеріңізге салайық, Алеппо халықаралық әуежайы 2012 жылы атыс-шабыстың жиілеуі салдарынан жабылған болатын. Әуежай лаңкестердің бақылауында болғандықтан оған жетудің өзі мүмкін емес еді. Ал осы жылдың 16 ақпанынан бастап Сирияның Үкімет әскері шаһарды өз бақылауына алды. Сонымен қатар жақын маңдағы 23 елді мекенді азат етті.

Сондай-ақ...