426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да аға тергеуші пара алды деген күдікпен ұсталды

  • 476
  • UPD: 18:12, 20.02.2020
СҚО-да аға тергеуші пара алды деген күдікпен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу болжамы бойынша, күдікті қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге пара алған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері хабарлады. Жақын арада түпкілікті шешім қабылдау үшін олар істі сотқа жолдайды.

Хабар 24 телеарнасы