435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы кеден бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда

  • 194
Алматы облысындағы кеден бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда

Қытайдан қауіпті індет тарағалы біздің ел сақтық шараларын барынша күшейткенін білесіз.

Әсіресе шекарада. Бұл аралықта Алматы облысындағы кеден бекеттерінен дене қызуы көтерілген 4 адам өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың сырқат екені арнайы құрылғымен тексергенде, анықталыпты. Дәрігерлер оқшаулап, науқастардан бірнеше сараптама алған. Ешқандай вирустың, соның ішінде коронавирустың да белгісі болмаған соң, оларды үйлеріне жіберген.

Естеріңізге салайық, қазір «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмыс істеп тұрған жоқ. 22 қаңтардан бері жабық. Ал қалған Қалжат, Алтынкөл жол, Нұр жолы, Алакөл, Темір жол өткізу пункттері қалыпты жағдайда қызмет көрсетіп келеді. Кешегі күннің өзінде мыңға жуық тауарлы вагон өткен. Бір айта кетері, бекеттерде жолаушы тасымалына тыйым салынған.  

Ғабит Оразов, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

– Автобустар, темір жол көліктері тоқтатылды. Бірақ жүк таситын темір жол құралдары мен көліктері туралы нұсқау түскен жоқ. Кеден бекеттерінің жаяу өткізу пункттері жұмыс істеп тұр. Жұмыс бабымен кіретін азаматтар міндетті түрде кеден бекетінен өткен кезде дене қызуын анықтайтын құрылғылары арқылы өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы