447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар наразы: 4 шақырым жолдың құрылысы 4 жылға созылған

  • 172
  • UPD: 21:35, 20.02.2020

Алматыдағы «Алтын Орда» базарын жанай өтетін жолайрықтың құрылысы аяқсыз тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 шақырымдық жолдың жыры 4 жылға созылған. Соған қарағанда алматылықтардың әлі де кептелістен көз ашпайтын түрі бар.

Қалқаман мен Іргелі арасындағы жолдың салынып жатқанына екі жыл болды. Бірақ қазір құрылыс бәсең. Тіпті жарты жыл бойы жол айрығын салу ісінде іркіліс болды, жол мүлдем тежелген. Жалпы бұл жолмен мыңдаған көлік жүреді. Жол құрылысының бәсеңдеуінен күн сайын сағаттап кептелісте тұратын көлік жүргізушілерінің жүйкесі әбден жұқарған.

Ал жолдың бәсеңдеуіне бірнеше себеп бар. Ең біріншісі – құрылыс материалдарының қымбаттауы. Сонымен қатар бұл аумақта кейбір жер телімдері жекеменшікке сатылып кеткен. Мысалы, екі жанармай құю бекеті иесімен әзіргі кезде келісімге келу мүмкін болмай отыр. Оған берілген өтемақымен жанармай құю бекеті иесі келіспейді. Сондықтан да қазір осы екі бекетті көшіру немесе бұзу мәселесі толық шешілген жоқ. Сондай ақ осы іске қатысты үш рет сот отырысы өткенімен, тараптар өзара мәмілеге келе алар емес.

Жоғарыда айтқандай, Қалқаман мен Іргелі арасындағы 4 шақырымдық жолдың құрылыс 4 жылға жалғасуы мүмкін. Дегенмен де бұл құрылысқа жауапты «Қазавтожол» компаниясы өзінің мерзімі бойынша жолды келесі жылы өткіземіз дейді. Алайда Алматы қаласындағы филиал өкілдері біздің сұрақтарға жауап бруден бас тартты.

Авторлары: Алмас Садуақас Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы