427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайырымдылық пен алаяқтықтың аражігін ажыратып жүрсіз бе

  • 512
  • UPD: 21:35, 20.02.2020

Елорда, Шымкент, Атырау және Ақтауда алаяқтық қылмыстар көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен айдың өзінде ел бойынша 3 мың дерек тіркелсе, соның басым бөлігі осы өңірлерге тиесілі.

Сорақысы сол, қайырымдылық деген желеумен жұрттан жылу жинайтындар көбейіп барады.

Соңғы уақытта елімізде алаяқтық санатындағы қылмыстар көбейді. Қаңтар айында 3 мың дерек тіркелді. 300-ге жуығы бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Ал сол күйі айласын асырып, құқық қорғау органдарының қолыны түспей кеткендер қаншама. Әсіресе, өздерін қайырымдылықпен айналысамын деп таныстырып, жұрттан жылу жинайтындар көп қазір.

Ертас Бейсенғалиев, ҚР ІІМ тергеу департаментінің тергеушісі:

– Ірі сауда орталықтарында жәшік ұстап тұратындар бар. Олар кішкентай балаларды аянышты қылып, көмекке ақша жинайды. Шынайылығын тексеру керек. Құжаттар бар ма?! Сосын көз жеткізгеннен кейін ақша аударуға болады. Ондай адамдар болса, қол ұшын беруге жәрдем көрсетуіміз керек.

Елордадағы Жұмбаевтар отбасы қайырымды, жомарт жандарға сенеді. Отағасы бірінші топтағы мүгедек, ал жұбайы бала күту демалысында. Мемлекет берген баспанада үйелмелі-сүйелмелі 4 бала өсіп келеді. Әділханды қинайтын жалғыз жайт – қос бүйрегі істен шыққан. Соның салдарынан еңбекке жарамсыз. Күнара дәрігерге қаралып, ем қабылдап тұруы керек. Жұрттан тегін дүние сұрамайды. Тек аяққа тұруға сәл демеу болса дейді.

Әділхан Жұмабаев, қала тұрғыны:

– Мен тегін беріңіз деп жатқаным жоқ. Жағдайы бар адам көлік жағынан көмектесе алам десе, ай сайын сомасын төлеп отырар едім. Бірінші топ болғаннан кейін ондай график жоқ. Күнара гемодиализге барам. Өзім жұмыс істеп, балалардың болашағы бар. Депозит ашсам деймін.

Мұндайда «Асар» әдісі еріксіз еске түседі. Әлеуметтік желі арқылы әп-сәтте қажетті қаражат жинап, қайырымды істерге жұмсап жүрген азматтарымыз да аз емес. Солардың бірі – Дәулет Төлеутайұлы.

Дәулет Төлеутайұлы, қоғам белсендісі:

– Қайырымдылықтың сауабы бар. Самат пен Лаура мысалы. жаңа рекордтар жаңарттық. Қазіргі таңда 19 млн 320 мың теңге боп тұр. Тағы 28 ақпанда қайырымдылық концерті аясында табыстағалы отырмыз. Толық отбасы. Бірақ өзі – отбасының жалғыз асыраушысы. Әйелі жүкті. Мерзімі жақындап жатыр.Үйлері де жоқ. Бұл жердегі басты мақсат – дүниеге келген сәби көзі тірі әкесін көрсе деген. Ісігіне қатысты екі көзі көрмей қалған.

Қайырымдылық – қасиет төресі. Әлеуметтік желі қолданушысы осы үрдісті одан әрі жалғастыруға ниетті. Сауапты істі қолдаушылар да жетіп артылады. Дегенмен көпшілік қайырымдылық пен алаяқтықтың аражігін ажырата білгені жөн. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы, Ерлан Наурызбаев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы