425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы боран салдарынан жабылған аудандық жолдар ашылған жоқ

  • 413
  • UPD: 21:37, 20.02.2020

Қостанай облысында ақтүтек бораннан кейін жолдардағы жағдай қиындаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, аудандық маңызы бар трассалардың күйі мәз емес. Жолдар қалың қардан аршылмаған соң, қалаға шыққан көліктер кері қайтуға мәжбүр.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

– Төрт күн бойы Қарасу ауданы қалың қар астында жатыр. Қардың қалыңдығы адам бойымен бірдей, ал кей жерлерде асып түседі. Мен тұрған жерден аудан орталығының шекарасы аяқталады. Көрінбейтін тік жолмен жүрсеңіз, Қостанай қаласына шығасыз. Алайда бұл бағытты қалың қар басқан. Ал мынау 60 шақырым қашықтағы Қойбағар ауылына барар жол.

Осы бағытта ауыр техника жолды тазартуға кірісіп жатыр. Бұл жұмыстар таңертеңнен басталған. Көліктер осы жолмен Алматы мен Екатеринбургті жалғайтын республикалық трассаға шықса, Нұр-Сұлтанға да, Қостанайға да шыға алады. Бірақ ұйтқи соққан жел санаулы минуттарда-ақ жолды бітеп тастап жатыр.

Аудан орталығы туралы айтсақ. Долы бораннан кейін тіпті аудан орталығы ішіндегі көлік қозғалысы қиындаған. Жол тазалығына жауап беретін мекемелер қалың қарға қарсы қауқар таныта алмай отыр. Ал дүйсенбіден бері Қарасудан жүрген түсіру тобымыздың іс сапары қашаға дейін созылатыны белгісіз. Қалай жол ашылады, біз сол мезетте облыс орталығына шығуға дайынбыз.

Авьторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы