413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кәмелетке толмаған қыз балаларды зорлаған педофил 20 жылға сотталды

  • 264
Алматыда кәмелетке толмаған қыз балаларды зорлаған педофил 20 жылға сотталды

Алматыда кәмелетке толмаған қыз балаларды зорлаған педофилге химиялық жолмен кастрация жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Отыз төрт жастағы қылмыскер – Алматы қаласының тұрғыны. Енді қаскөй 20 жылын түрмеде өткізеді. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Оған өмір бойына педагогикалық қызметте және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Абай Жарылқасын, қалалық соттың баспасөз хатшысы:

– Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны айыпты деп тапты. Сот отырысы жабық түрде өтті. Сотталған азаматқа қатысты өзге ақпараттарды жариялауға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы