427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігі – үздіктерді тәрбиелеген мектеп

  • 632
  • UPD: 22:46, 20.02.2020

Биыл 25 жылдығын атап өтетін «Хабар» Агенттігі үздіктерді тәрбилейтін мектепке айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің арнамызда еңбек жолын бастап, елдің ықыласына бөленген, сөйтіп қызметте жоғарылаған журналистер аз емес. Солардың бірі – бүгін Қазақстан Журналистика Академиясының мүшесі атанған Қымбат Хангельдина.

Танымал тележүргізуші, «Хабар» Агенттігі АҚ Алматыдағы филиалының басшысы Қымбат Хангельдинаға Қазақстан Журналистер Академиясының мүшесі куәлігін академияның басшылары кеңсемізге арнайы келіп табыстады.1991 жылы құрылған бұл қоғамдық ұйымға бүгінде 71 адам мүше.   

Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан журналистика академиясының президенті:

– Қымбат Хангельдинаның кандидатурасына барлығы бірауыздан дауыс берді. Мұның өзі оның беделін, кәсіби маман екенін білдірсе керек. Сондай-ақ бұл Қымбат Садыбекқызы еңбек етіп келе жатқан «Хабар» Агенттігіне деген сенім деп ойлаймын.

Телевизияда еңбек жолын жаңалықтар дикторы болып бастаған Қымбат Хангельдина көп ұзамай көремендерге танымал болды. Сондай-ақ ол саяси, әлеуметтік, ойын-сауық бағдарламаларын жүргізіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Қымбат Хангельдина, «Хабар» агенттігі ақ алматы филиалының директоры:

– Қазақстан Журналистер Академиясының мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Өйткені Олжан Сүлейменовпен, Мұрат Әуезовпен, Нұртөре Жүсіппен бір қатарда болу – мен үшін өте үлкен баға. Және де бұл жоғарғы баға тек қана менің ғана бағам емес, «Хабар» Агенттігі ұжымының бағасы деп ойлаймын.

Атап өту керек, Қазақстан Журналистер Академиясына «Хабар» Агенттігінің бірнеше майталман журналисі мүше. Бұл Агенттіктің үздіктерді тәрбиелейтін мектеп екенін көрсетеді, дейді Академия басшылары.

Алмаша Аренова, ҚР СІМ өкілі:

– «Хабар» Агенттігі 25 жылда әлемдік деңгейдегі заманауи құрылымға айналды. Мен қызметіме байланысты шет елде көп боламын. Сыртта жүріп, елдегі ресми, шынайы, дәлелді ақпараттарды Агенттіктің интернет-сайттары арқылы алып отырамын. Себебі мұнда тек сенімді ақпарат бар.

«Хабар» агенттігіне тілші болып келіп, кейінірек жүргізуші, комментатор, басшылық қызметте шыңдалған әріптестеріміз аз емес. Бүгінде Агенттіктің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, Қазақстан арнасының басшысы Ләззат Танысбай, танымал жүргізушілер Айгүл Мүкей, Зейін Әліппек, Агенттіктің Алматы филиалы жаңалықтар бөлімінің продюсері Ләззат Айтханқызы секілді журналистер «Хабардың» іргесі қаланған алғашқы жылдардан бастап еңбек етті. Қазір басшылық қызметте болса да, Ерлан Қалижанұлы Мемлекет басшыларынан сұхбат алып, Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Думанұлы 7 күн сараптау бағдарламасын жүргізеді. Олар осы салада еңбек етсем деген жастарға үлгі. 

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы